Проверьте свой статус медицинского страхования сейчас!

 Для этого перейдите по ссылке, это не займёт много времени

Семей қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2003 жылғы 17 наурыздағы № 116  бұйрығымен  60 төсекті ерте жастағы (грудное отделение ) – 3 жасқа дейінгі балаларға арналған 30 төсек, соматикалық – 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған 30 төсектік бөлімшелері бар ЖМКК "ВЕНЕРА" мекемесі балалар стационары ашылды.  

 

Стационардың құрамына реанимациялық бөлімшенің 6 төсегі кіреді. Науқастарды соматикалық бөлімшеге жатқызу 2003 жылдың 21 наурызынан бастап, ерте жастағы балалар бөлімшесіне 2003 жылдың 01 сәуірінен бастап жүзеге асырылды.

 

2015 жылдың сәуір айынан бастап стационар қайта құрылды, 2 бөлімшені 60 төсектік бір педиатриялық бөлімшеге біріктірілді. 22 мамырдан бастап 7 тәуліктік төсек қысқартылды. Қазіргі уақытта стационарда 53 төсек тәулік  бойы жұмыс істейді, оның ішінде 6 реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі бар.